Прокуратура сот тарапынан өлді деп танылған ақтөбеліктің қалай «тіріліп кеткенін» тексеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура сот тарапынан өлді деп танылған ақтөбеліктің қалай «тіріліп кеткенін» тексеріп жатыр

Прокуратура сот тарапынан өлді деп танылған ақтөбеліктің қалай «тіріліп кеткенін» тексеріп жатыр

Ақтөбе облысының прокуратурасы мен Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасы із-түссіз жоғалған және сот тарапынан өлді деп танылған азаматтарға қатысты қылмыстық істерді мониторингтен өткізіп жатыр.

  • 19 Ақпан 2014
  • 395
Фото - Caravan.kz

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, мониторинг барысында сондай адамдар тарапынан болған заң бұзу фактілері анықталды.

Атап айтсақ, Мұғалжар аудандық соты 2010 жылы желтоқсан аында 60 жастағы жергілікті тұрғынды өлгендер қатарына қосып, қарар қабылдаған.

Алайда, былтыр қазан айында ол Астанада қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Сол жылы елордалық полицейлер аталған азаматты жол ережесін бұзғаны үшін жазалап, хаттама толтырған.

Сонымен қатар, прокуратура оның атына ай сайын зейнетақы салымдары мен сақтандыру төлемдерінің аударылып келгенін анықтапты.


Прокуратураның мәліметінше, осындай тағы бірнеше факті анықталған көрінеді. Соған байланысты қадағалаушы орган тексеру жүргізіп жатыр, делінген хабарламада.