Жарияланды: 750

Прокуратура тексеруінің нәтижесінде Атырау облыстық экологиялық органдары Теңізшевройлдан күкірт өртегені үшін атмосфераға келтірілген залал ретінде 13 млн 729 мың 642 теңге өндіріп алды

Атырау. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Прокуратура тексеруінің нәтижесінде Атырау облыстық экологиялық органдары Теңізшевройлдан күкірт өртегені үшін атмосфераға келтірілген залал ретінде 13 млн 729 мың 642 теңге өндірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 3 наурызында 16:50 мен 20:49 сағат аралығында "Теңізшевройл" ЖШС-нің күкіртті түйіршіктеу цехының СV-609 конвейерлік лентасында және Т-603 күкірт жинау бункерінде күкірт өртенген. Сол себепті, көлемі 9 363 кг (7,8 м3) болатын күкірттің тұтануы орын алған. Бұл факт бойынша Жылыой аудандық прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыра отырып өрт қауіпсіздігі туралы және табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді. Экология органдарымен қоршаған ортаны қорғау және табиғат қорғау заңдарының орындалуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органына, өндірістегі өте жоғары нормативті ластайтын заттардың бөлінуіне және қоршаған ортаға басқа зиянды апаттық әсерлер келтіргендігін хабарламағаны үшін "Теңізшевройл" ЖШС-нің жауапты лауазымды адамына ҚР ӘҚБтК-нің 242- бабымен 25 АЕК (29 200 теңге) мөлшерде айыппұл салынды. Осы тектес тұтану, осы жыдың 4 наурызында сағат 15:31 тен 15:51 дейін көрсетілген жерде бірақ аз қауіп-қатермен орын алған. Алайда, осы тектес оқиғалардың болашақта қайталануының алдын алуға нақты шараларды қабылдаудың орнына, "Теңізшевройл" ЖШС-нің жауапты лауазымды адамдары, тек қана оқиғаны көзімен көргендердің түсініктемелерін жинаумен және оқиға орнын және тұтану заттарын суретке түсірумен шектеліп, конвейерді қайта жіберген. Аудандық прокуратура тексеру нәтижесі бойынша Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына күкірттің өртенуінен келтірілген залал мөлшерін анықтап, ауаға келтірілген зиянды мемлекет пайдасына өндіру туралы және "Теңізшевройл" ЖШС-ін белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесін шешуге ұсыныс енгізді. Ұсынысты қарау нәтижесімен экология органдарымен күкіртің өртену фактісі бойынша "Теңізшевройл" ЖШС-нің бас директоры Т.Левидың атына атмосфераға келтірілген залал ретінде 13 млн 729 мың 642 теңге мөлшерінде залал өндірілді. Сонымен қатар, "Теңізшевройл" ЖШС қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 243- бабымен әкімшілік өндіріс қозғалып, 9 млн 153 мың 040 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұған қоса, Жылыой аудандық прокуратурасы табиғат қорғау заңнамасының қолданылуына тексерулер жүргізіп, оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар алынды. Атап айтқанда, "Эко Иншаат Ве Тиджарет Лимитед Ширкети" ООО Атырау-Құлсары автожолын қайта жөндеуден өткізу кезінде топырақты заңсыз өндіріп, пайдаланған. Жылыой ауданы әкімінің қаулысына сәйкес аталған серіктестікке өз мұқтаждары үшін топырақ алуға Доссор-Құлсары автожолының 61, 125, 155, 180 және 195 шақырымдарында алуға рұқсат етілген. Алайда, тексеру кезінде анықталғандай, "Эко Иншаат Ве Тиджарет Лимитед Ширкети" мекемесі топырақты аудан әкімінің қаулысымен көзделмеген жерлерден ешқандай рұқсат қағаздарын рәсімдеместен өндірген. Барлығы 12 заңсыз карьер табылып, 102 953,25 м? топырақ алғаны анықталды. Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасымен табиғатқа келтірілген залал мөлшері анықталып, ол 31 812 554 теңгені құрады. Аудандық прокуратура Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2007 жылы талап арыз енгізіп, қарау нәтижесімен соттың шешімімен "Эко Иншаат Ве Тиджарет Лимитед Ширкети" мекемесінен мемлекет пайдасына 31 млн 812 мың 554 теңге мөлшерінде залал өндірілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін