Прокурор Мешiмбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокурор Мешiмбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрап отыр

Прокурор Мешiмбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрап отыр

Бүгiн Астанада Есiл аудандық сотында прокурор ҚР Статистика агенттiгiнiң бұрынғы басшысы Анар Мешiмбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру және жеке мүлкiн тәркiлеу жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" тiлшiсi.

  • 12 Ақпан 2014
  • 300
Фото - Caravan.kz

"Мешiмбаеваны 176-баптың 3-тармағы "б" пункті бойынша кiнәлi деп тауып, оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды және белгiлi бiр лауазымды қызметтi атқаруға 5 жылға дейiн тыйым салуды, жеке мүлкiн тәркiлеудi сұраймын", — дедi прокурор Дәурен Әшiмов.

Айта кетейiк, дәл қазiр сотта тараптардың жарыссөздерi өтуде. Прокурор Мешiмбаеваны жалпы режимдегi колонияда жазасын өтеу туралы сұранысын да нақтылай кеттi.

Айта кетейiк, Мешiмбаева мемлекетке 558 миллион 249 мың 409 теңге көлемiнде залал келтiрдi деген айып тағылуда.