Жарияланды: 620

Прокурор Садықов пен Досқалиевке қатысты айыптаудың жедел медициналық көмек ҒЗИ мемлекеттік қабылдауға қатысты бөлігінен бас тартты

Мемлекеттік айыптаушы – прокурор Тельман Аленов ҚР денсаулық сақтау экс-министрі Жақсылық Досқалиев пен аталған ведомствоның бұрынғы жауапты хатшысы Болат Садықовқа қатысты айыптаудың ЖМК ҒЗИ ғимаратын мемлекеттік қабылдауға қатысты бөлігінен бас тартты.

«Зардап шегуші жақтың Садықов пен Досқалиевке деген талаптарының жоқтығы, тапсырыс берушінің осы тұрғыдан құқығының айтарлықтай бұзылмағандығын көрсетеді. ЖМК ҒЗИ мемлекеттік қабылдау актісіне қол қойылғаннан қоғамға қауіп төндірерлік салдар туындаған жоқ. Мұндай жағдайда мен ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 217 бабы, 6-шы тармағына сай, Садықов пен Досқалиевке қатысты айыптаудан бас тартуым керек, себебі сот тергеуінде оларға тағылып отырған айып дәлелденбеді», - деді ол дүйсенбі күнгі сот отырысында. «Жоғарыда айтылғандардың негізінде мен өзімнің айыптарымнан бас тартамын», - деді прокурор. «Сот тергеуінің және іс материалдарының талдамасының нәтижесі көрсеткендей, Досқалиевтің айтқандары шындыққа жанасады, ол оның нысандарға (ЖМК ҒЗИ – ҚазТАГ) барғандығы туралы хаттамада көрініс тапқан, оның құрылыс сапасы мен медициналық аспаптардың бағасына деген ескертпелері, сондай-ақ министрліктегі өткен көптеген кеңестердің хаттамалары айғақтайды», - деді прокурор. Сөйтіп, нысанның қабылданғаны туралы шешімді мемлекеттік комиссияның әрбір мүшесі жеке өз саласы бойынша қабылдайды. «Мемлекеттік комиссияның 32 мүшесінің жетеуі қабылдау туралы актіге ерекше пікір және ескертпемен қол қойған соң, Ж. Досқалиев актіні өзінің бұйрығымен бекітті. Ол заң талабына сай. Демек, Садықовқа мемлекеттік комиссияның актісін дайындау қажеттігі туралы ол берген аталған нұсқаудың заңсыздығы туралы қорытынды заңға негізделмеген», - деді мемлекеттік айыптаушы. Сөйтіп, дейді прокурор, Ж. Досқалиев құрылысшылармен есептесу туралы ақтық нұсқауды Б. Садықовқа заңсыз берген деген қорытынды негізсіз болып табылады. Себебі денсаулық сақтау министрлігінің есепшотында Т673 млн қаржыны аударған соң, тағы Т223 млн ақша қалған. Мемлекеттік айыптаушы сондай-ақ Ж. Досқалиевтің әрекеті оның 2009 жылғы 23 сәуірдегі отырыста «2009 жылы медициналық кластерлерді, оның ішінде ЖМК ҒЗИ нысанын пайдалануға тапсыру мен құрылыс кестесін сақтау үшін қажет шараларды қабылдау туралы» президент тапсырмасын орындағанын көрсетеді, деп атап өтті. Бұрын хабарланғандай, Ж. Досқалиев Астана медициналық академия ректоры болған кезде, 2005 жылы, көппәтерлі үй тұрғызу үшін, «Астана КБТ» ЖШС құрылыс компаниясына академияға тиесілі жер учаскелерін береді. Соның нәтижесінде медакадемия құны Т59,14 млн деп бағаланған жерлерді пайдалану құқығынан айрылады. Одан басқа, Ж. Досқалиев өзінің заңсыз әрекеті үшін Т27,52 млн ақша және жалпы құны Т38 млн тұратын 4 пәтерді пара түрінде алған. Б. Садықов ҚР өкімімен 10 ақпанда денсаулық сақтау министрінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Бұл ретте отставка себебі көрсетілмеген болатын. Одан кейін оған қатысты қызмет бабын асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кезде қаржы полициясындағылар ол қылмыстық істің денсаулық сақтау экс-министрі Ж. Досқалиевке қатысты екенідігін айтапған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін