"Протон" зымыран тасығышының сынықтары жинала бастады - төтенше жағдайлар министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Протон" зымыран тасығышының сынықтары жинала бастады  - төтенше жағдайлар министрі

"Протон" зымыран тасығышының сынықтары жинала бастады - төтенше жағдайлар министрі

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Апат салдарынан Қарағанды облысының аумағына шашырап кеткен "Протон-М" зымыран тасығышының сынықтары бүгіннен бастап жинала бастады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов.

  • 11 Қыркүйек 2007
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Бүгін табылған барлық бөлшектерді жинай бастауға бұйрық беру жөнінде шешім қабылданады», — деді В. Храпунов бүгін мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында сөйлеген сөзінде. «Қарағанды облысының аумағына шашылып кеткен бөлшектер түгел жинадып, пайдалы жаратылады», — деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Протон» зымыран тасығышы ғарыштық орбитаға Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсететін JCSAT-11 ғарыштық аппаратын шығаруға тиіс еді.

6 қыркүйек күні түнде Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасығышы, «Бриз-М» үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады.

Ұшырылым белгіленген мерзімде- Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылған, алайда ұшырылымның 135 секундында зымыранның екінші саты қондырғысының қозғалтқышы апатты жағдайда өшіп қалған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, «Протон-М» зымыран тасығышының құлауына тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуы себеп болған.

«Протон-М» — Ресейдің федералдық ғарыштық бағдарламасының аясында пайдаланылатын ауыр зымыран-тасығыш. Зымыранды М. Хруничев атындағы орталық жасап шығарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті