Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5 тамызда Байқоңырда «Протон-М» зымыран тасығышы алып ұшатын Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының 14 тамызға белгіленген ұшырылымы кейінге шегерілді. «Байқоңырда ұшырылым алдындағы сынақтарды өткізген кезде «Бриз-М» үдеткіш блогының бортындағы есептегіш кешеннің ақаулары анықталған. Өндірістік кооперациядан әкелінетін есептеу кешені өткен демалыс күндері алмастырылды», — деп хабарлады орталық.
Бұдан кейін «Протон-М» зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігін құрастырыла бастады.
Құрастырудан кейін «Протон-М» зымыран тасығышы алып ұшатын Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының ұшырылымына түзетілген кестемен дайындық жұмыстары басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті