"Протон-М" зымыран тасығышы "Глонасс-М" ғарыш аппаратымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым "үстеліне" орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Протон-М" зымыран тасығышы "Глонасс-М" ғарыш аппаратымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым "үстеліне" орнатылды

"Протон-М" зымыран тасығышы "Глонасс-М" ғарыш аппаратымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым "үстеліне" орнатылды

Байқоңыр. 24-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Протон-М" зымыран тасығышы "Глонасс-М" ғарыш аппаратымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының № 81 алаңының ұшырылым "үстеліне" сенбі күні орнатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Протон-М» зымыран тасығышын ұшырылым алаңына шығару туралы шешім 21-ші желтоқсада, ұшырылымға дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданған болатын.

Сенбі күні таңертең «Протон-М» зымыран тасығышын теміржол платформасымен техникалық жанармай құю станциясынан № 81 алаңының ұшырылым кешеніне жеткізу басталған. Зымыран жеткізіліп, тігінен орнатылды.

Зымыранға жылжымалы қызмет көрсету фермалары жеткізіллі. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының мамандары, «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмысқа кірісіп кетті.

Ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығышының жүйелеріне ұшырылым алдындағы тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.

«Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен «Глонасс-М» үш жер серігін ұшыру ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Астана уақытымен 1 сағат 32 минутқа межеленген.

Бұл 2007 жылы Байқоңырдан ұшырылатын екінші ресейлік навигациялық жер серігі болып табылады. Осыған дейін «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен «Глонасс-М» үш жер серігі 26 қазанда ұшырылған болатын.

«Глонасс-М» үш жер серігінің кезекті ұшырылымы ресейлік Ғаламдық навигациялық жер серіктері жүйесінің орбитадағы аппараттар топтамасының санын 24-ке дейін жеткізеді (ол АҚШ-тың ғаламдық GPS жүйесінің баламасы болып табылады).

24 жер серігенен тұратын құрамдағы толық топтамаға 2008 жылы қол жеткізілуге тиіс. Шетелдік қолданушылар жүйеге 2009 жылы қол жеткізе алады. ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей мен оның серіктестері үшін стратегиялық мәнге ие. Қазақстан Ресеймен жобаға бірлесе атсалысу және өзара ықпалдастық туралы келісім жасау аясындағы ГЛОНАСС жобасына қатысушылардың бірі болап табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті