"Протон-М" зымыран тасығышы мен "Космос" ғарыштық аппараты Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым "үстеліне" орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Протон-М" зымыран тасығышы мен  "Космос" ғарыштық аппараты Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым  "үстеліне" орнатылды

"Протон-М" зымыран тасығышы мен "Космос" ғарыштық аппараты Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым "үстеліне" орнатылды

Байқоңыр. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Космос" ғарыштық аппараты Байқоңыр ғарыш айлағының №81 алаңының ұшырылым "үстеліне" орнатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 548
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертеңгі сағат 6.00-де техникалық жанармай құю станциясында «Протон-М» зымыран тасығышы №81 алаңның ұшырылым кешеніне темір жол платформасымен тасымалдана бастады. Зымыран №81 алаңның ұшырылым «үстеліне» жеткізіліп, тік күйінде орнатылды.

Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. М. Хруничев атындағы орталықтың, «Байқоңыр» Федералдық ғарыштық орталығының мамандары бірінші ұшырылым күні бойынша кестелік жұмыстарға кірісті.

«Протон-М» зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне шығару жөніндегі шешімді кеше, 4 желтоқсанда мемлекеттік комиссия қабылдады. Ғарыш айлағының мамандары ендігі жерде төрт күн бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың ұшырылым алдындағы тексерулерін жүргізеді.

«Протон-М» зымыран тасығышы Ресейдің «Космос» ғарыштық аппаратын алып №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3 сағат 16 минут) ұшырылады деп жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті