Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей жағының топырақ сынамаларына жүргізген талдауы «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде гептил бойынша шектеулі мүмкін деңгейдің артып кеткенін көрсеткен.
«24 қыркүйекте «Инфракос-Экос» Ресей жағымен бірлесіп үдеткіш блок құлаған жерде 1 метрге дейінгі тереңдіктен 3 жерден 15 сынама алды. Ресей жағы екінші саты құлаған жерде рекультивациялық шараларды жалғастыруда. Жұмыстардың 60 проценті атқарылған. 25 қыркүйекте «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде детоксиакциялық шараларды қайталап жүргізу межеленген»,- деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті