«Протон-М» зымыран тасығышының құлауынан келген шығын 1 млрд теңгеден астам - Төтенше жағдайлар министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Протон-М» зымыран тасығышының құлауынан келген шығын 1 млрд теңгеден астам - Төтенше жағдайлар министрі

«Протон-М» зымыран тасығышының құлауынан келген шығын 1 млрд теңгеден астам - Төтенше жағдайлар министрі

Астана. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" – Алдын-ала мәлімет бойынша, "Протон-М" зымыран тасығышының құлауынан келген шығын 1 млрд тең

  • 28 Қыркүйек 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz


Астана. 28-қыркүйек. «Қазақстан Бүгін» – Алдын-ала мәлімет бойынша, «Протон-М» зымыран тасығышының құлауынан келген шығын 1 млрд теңгеден астам. Бұл жөнінде кеше тілшілерге берген сұхбатында Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов хабарлады.

«лдын-ала есептеулер айыппұл санкциялары 1 млрд теңгеден әлдеқайда жоғары және бұл көрсеткіш құлаған зымыран салдарын жоюмен байланысты барлық шығындарды анықтағаннан кейін кейбір кеткен қателіктер түзетіліп, Ресей жағына ұсынылатын болады», — деді В. Храпунов.

Ол үкіметтік комиссияның кезекті отырысында Ресей жағына ұсынылатын «Протон-М» зымыран тасығышының құлауынан келген шығынды есептеу жұмыстары қаралатындығын түсіндіріп өтті.

Осыдан соң, министрдің айтуынша, комиссия істелген жұмыс жайында Қазақстан Республикасының премьер-министріне баяндамақ.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының 13 күні бірлескен қазақстан-ресей штабы 6 қыркүйек күні құлаған «Протон-М» зымыран тасығышының апатты құлауынан келген шығын көлемін анықтауға кіріскен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті