«Ақырғы зерттеулер қорытындысы әлі белгісіз болғандықтан, шығын көлемі әлі анықталған жоқ. Мамандар бізге зерттеулер қорытындысын ертең береміз деп отыр. Қорытынды белгілі болған соң тиісті әдістеме бойынша шығын көлемін анықтап, Ресей жағына таныстырамыз», — деді В. Храпунов үкіметте өткен селекторлық жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында.
«Шығын көлемі топырақтағы және өсімдік әлеміндегі гептил мөлшеріне байланысты. Шығын көлемін біз осыдан кейін ғана есептей аламыз», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті