«Қазіргі жағдаймен зымыран-тасығыштың сынықтары арасынан тек «Протонның» үшінші сатысы ғана табылған жоқ, баллистик мамандардың мәліметінше, ол бізге әзірге белгісіз себептермен ауада жарылып кеткенге ұқсайды», — деді Т. Мұсабаев. Оның пікірінше, «бұл мүмкін тіпті ахуалды жақсартқан болуы да мүмкін, өйткені, керісінше болған жағдайда қосымша 40 тоннадай сынықтар жерге құлаған болар еді. Ал ол ауада жарылып кеткен».
Агенттік басшысы сонымен бірге вице-премьерге «қазіргі жағдаймен негізгі техникалық телеметриялық мәліметтердің қаралғанын, апаттың алғашқы себептері белгілі екенін » жеткізді.
Т. Мұсабаев бұған қоса «қазіргі жағдаймен Ресей жағынан үкіметтік комиссия құрамындағы бірде-бір өкілдің апат орнында болмағанын» жеткізді. «Ол жақтың жұмыс тобы біздің топпен келісе жұмыс істеуде, ал ресейлік үкіметтік комиссияның өкілдері бүгінгі күнге дейін онда болған жоқ», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті