Психологтардың әдеп кодексі бекітіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психологтардың әдеп кодексі бекітіледі

Психологтардың әдеп кодексі бекітіледі

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында Психологтардың әдеп кодексі жобасы жарияланды

  • 12 Тамыз
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кодекс жобасы «Психологиялық қызмет туралы» Заңға сәйкес әзірленген. Психологтардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген, психологиялық қызметті жүзеге асыратын барлық тұлға үшін міндетті болатын кодекс кәсіби құзыреттілік, құпиялылық пен кәсіби құпияны сақтау, ақпараттандырылған келісімді міндетті түрде алу, өкілеттіктерді асыра пайдалануға тыйым салу қағидаттарын регламенттейді.

Әдеп кодексін бекіту психологиялық көмек көрсету саласындағы бірыңғай кәсіби құқықтық стандарттарды қалыптастырады, көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтары мен психологиялық денсаулығын адал емес практикадан қорғайды, сондай-ақ білікті мамандардың жауапкершілігі мен мәртебесін арттырады.

Құжат 25 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.