Психикалық ауруға шалдыққан адамдарды Twitter-дегі жазбалардың көмегімен анықтауға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психикалық ауруға шалдыққан адамдарды Twitter-дегі жазбалардың көмегімен анықтауға болады

Психикалық ауруға шалдыққан адамдарды Twitter-дегі жазбалардың көмегімен анықтауға болады

Твиттердегі жазбалар адамның психикалық денсаулығы туралы айта алады.

  • 9 Қаңтар 2015
  • 408
Фото - Caravan.kz

Джон Хопкинс университетінің ғалымдары психикалық ауруға шалдыққан адамдарды Твиттер әлеуметтік желісіндегі жазбалардың көмегімен анықтауға болады деген пікір айтуда.

Зерттеу барысында 8 миллиардтан астам твиттердегі жазбалар сараланды. Бұл жерде адамдардың өз аурулары туралы жариялағандарынан бөлек, басқа да жазбалары сарапқа салынды. Тәжірибе барысында психикалық ауруға шалдыққан адамдар туралы мәліметтер анықталды. Олардың арасында депрессия,жарақаттан кейінгі күйзеліс синдромы сынды аурулар жиі кездескен.

Ғалымдардың айтуынша, бұндай тәжірибені қолдану арқылы адамдардың психикалық жай-күйін анықтау үшін қолданатын көп шығындарды азайтады. Зерттеу жүргізген мамандар Твиттердің көмегімен басқа да ауруларды анықтауға болатынын айтты, деп жазады шетелдік БАҚ.