Психологтар қатерлі дерттен айығудың жолын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психологтар қатерлі дерттен айығудың  жолын тапты

Психологтар қатерлі дерттен айығудың жолын тапты

Обырға шалдыққан балаларға психологтар қол ұшын созды. Мамандар ауыр дертті тек дәрімен емдеу жеткіліксіз деп отыр. Сондықтан сырқатпен күресуге бала рухани дайын болуы керек. Жан-жақты психологиялық көмектің алды оң нәтиже де бере бастапты. 

  • 23 Қараша 2013
  • 338
Фото - Caravan.kz

Педиатрия және балалар хирургиясы институтында ауыр диагнозбен жатқан жеткіншектермен адам жанын емдейтін мамандар жұмыс істеуде. Олар түрлі тренингтер, ойындар өткізіп, дертке шалдыққан балалардың бір сәтке болса да ауруын ұмыттырып, көңілдерін көтеруге тырысып жатыр. Өмір үшін күресіп жатқан бала мен оның ата анасына ғана емес, дәрігерлердің өзі психологтардың көмегіне зәру. Бір өкініштісі, осы салаға машықтанған, янғи онкопсихологтар мүлде жоқтың қасы екен.


Бағлан Байзақова, балалар онкологі:

–Бұл біздің күнделікті жұмысысымызды жақсартып, балалардың емделу үрдісін жеңілдетіп жатыр. Себебі баланы жалғыз дәрігердің дәрі-дәрмекпен емдеп шығуы қиын. Балаға да, ата-анасына да психологиялық жағдайын жақсартатын қолдау қажет. Ол баланың жазылуға деген сенімін, өмірге деген құлшынысын арттырып, баланың емделуін жеңілдетеді.