Сөйтіп Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер саны бірден 8-ге артып шыға келмек. Ядролық қаруы бар Үндістан мен Пәкістан ұйымның қуаты мен қауқарын арттырары анық. Бұлардан кейін қатарға Беларусь пен Армения қосылуы әбден мүмкін. Себебі қос мемлекет бақылаушы мәртебесін алды. Бүгін ұйымның тұрақты мүшелері Қазақстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері лаңкестікпен, сепартизммен бірігіп күресуге де келісті. Ал Назарбаев Уфадан олжалы қайтты. Саммит қожайыны Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың кеудесіне Александр Невский орденін тақты. Бұл марапат Елбасының «Еуразиялық интеграциялық бастамаларды жүзеге асыруға ат салысқаны» үшін берілген.