Ресей Бас прокуратурасы Қазақстан азаматы Илья Пьянзинге қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді, оған Владимир Путинге қастандық жасамақ болды, деген айып тағылған болатын, деді бейсенбіде "Интерфакске" қадағалау ведомствосының ресми өкілі.
Бас прокуратурадан атап өткендей, И.Пьянзинге РФ ҚК 209 бабының 2-тармағында көзделген (тұрақты қарулы топтың жұмысына қатысу), 30 бап (мемлекеттік қайраткерді құртуға дайындалу), 223 бап (қопарғыш заттарды заңсыз дайындау) және 222 бап (қопарғыш заттарды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.
Тергеу версиясына қарағанда, И.Пьянзин 2011 жылы желтоқсан айында Украина аумағында болған кезінде Адам Осмаев және Руслан Мадаевтың айтуымен "Имарат Кавказ" басшысы Доку Умаровтың бұйрығымен құрылған бандаға мүше болған. Олардың алдына РФ президенттігінен үміткер Владимир Путинді құрту көзделген еді.
Ведомстводан атап өткендей, ол кортеж келе жатқан жолда мина қойылған көлікті жарып қастандық жасауға тиіс болатын.