"Біз тұрғын үйдің сапасының нашарлығы туралы бірнеше рет естідік. Шағымданып жатқандардың қатары көп. Ішкі әрлеу және жөндеу жұмыстары дұрыс жасалмағаны туралы да айтылып жатыр”, – дейді Шапкенов.
Ол бұл мәселені шешу үшін еңбек министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп іс-шаралар жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Министр кепілдік мерзімі шеңберінде құрылыс кезінде жіберілген барлық кемшіліктерді түзетілетінін айтты.