Қайғылы оқиғаны тексеретін Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайғылы оқиғаны тексеретін Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына келді

Қайғылы оқиғаны тексеретін Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына келді

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастаған Үкімет комиссиясы жұма күні қар көшкіні салдарынан әскери қызметшілер қаза тапқан Жамбыл облысына келді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Ақпан 2017
  • 431
Фото - Caravan.kz


Үкімет комиссиясының құрамына Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров, Қаржы вице-министрі Т.Савельева, Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, Денсаулық сақтау вице-министрі А.Цой және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков кірді. Комиссия мүшелері оқиға орнында төтенше жағдайдың себебін анықтап, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады. Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жеке бақылауында.

Соңғы жаңалықтар