Светлана Жалмағамбетова, Сенат депутаты:
— Сіз халықты ғана емес, ресми орган Қазақстан Республикасының Сенатына да жалған сөйлеп «шатастырдыңыз». Сізді кезінде тағайындауға келісім берген едік. Енді Парламентке қай бетіңізбен келмексіз? Сөзіңіздің құны қалған жоқ. Бұдан кейін сізге қалай сенуге болады? Меніңше, сіздің кәсіби біліктілігіңізде, не этикаңызда проблема бар.
Жалмағамбетованың күйінетін реті бар. Ұлттық банктің төрағасы Сенат мінберінен "девальвация болмайды" деп талай уәде берген. Онысы өтірік боп шықты. Тіпті теңге құлдырған күні оны «түнде білдім» десе, ертеңіне қаржылық операция жарты жыл дайындалғанын айтып тағы екі сөйледі. Ал тұрғындардың ұлттық валютада сақталған салымын жаппай алып кетуі Қайрат Келімбетовтің сенімнен жұрдай болғанын көрсетеді дейді Светлана Жалмағамбетова. Сондықтан бас банкир абыройын ойласа, теңгемен сақталған депозиттің сыйақысын 13-14 пайызға көтеруі керек дейді.