Головкин 18 қазан күні Калифорния штатында мексикалық Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасады. Өзінің АҚШ-қа барғаны туралы видео мен суреттерді әнші Instagram желісінде жариялаған.
Осы аптаның басында Қ. Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова «Қазақстан» арнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасында Қайрат АҚШ-қа Геннадийді қолдауға баратынын айтқан болатын.