Қайрат Нұртас шәкірт тәрбиелеу жұмысын қолға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас шәкірт тәрбиелеу жұмысын қолға алды

Қайрат Нұртас шәкірт тәрбиелеу жұмысын қолға алды

Әнші Қайрат Нұртас шәкірт тәрбиелеу жұмысын қолға алды. Бұл ақпаратты әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова жариялады, деп жазады baistars.kz.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 486
Фото - Caravan.kz

Қайрат Нұртас «Әгугай» атты әнімен ғаламтор арқылы халыққа кеңінен танымал болған жас әнші Дәулет Болатовты өзінің жетекшілігіне алды.  Дәулет Болатов осыған дейін  «Жұлдыздар фабрикасы» жобасына қатысып,  3-орын иегері атанған.  Сондай-ақ, осы әнімен «Саз әлемі» байқауында да бақ сынап,  ақтық сынға дейін жеткен. Әншінің қоржынында қазір «Ай-ай» әніне түсірілген бір бейнебаяны мен «Алло, Алло», «Сұлуым», «Неге, жаным?», «Тағы да» сияқты жастар арасында танымал бірнеше әндері бар.

Қайрат Нұртас Қаскелең қаласында берген ән кешінде алғаш рет шәкіртін елге таныстырып, бірге өнер көрсетті.