Қайраттың концерттегі шырқаған әнінің бейнежазбасын инстаграм парақшасына салып, «Керемет концерт! Жаным сол, Алла тіл-көзден сақтасыншы. @kair_n Мен үшін Номер 1» деп жазғанына көптеген оқырмандары келіспеді. «Қазақстан бойынша номер 1», «Димаш номер 1, Қайрат соған жетіп алсын, ренжімеңіздер», «фонограммамен ән айтатын әнші 1 емес», «Димашқа жетпейсіңдер» деп пікір жазды оқырмандар. «Димаштың Песня годадағы айтқанын неге осылай шығармайсыздар парақшаларыңызға? Ресейліктер тік тұрып қошемет көрсетіп жатыр, сіздер неге көрмейсіздер ондайды?» деп ашына жазды желі қолданушыларының бірі.