Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған кәсіпкерге ірі көлемде айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған кәсіпкерге  ірі көлемде айыппұл салынды

Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған кәсіпкерге ірі көлемде айыппұл салынды

Бүгін сот «Прайм Плаза» сауда орталығының директорын жазалады. Қайрат Нұртастың концертінен кейінгі жаппай тәртіпсіздікке Ақан Нұрпейісов те кінәлі деп табылып, енді мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

  • 18 Наурыз 2014
  • 194
Фото - Caravan.kz


Өткен аптада басталған сот отырысына бүгін соңғы нүкте қойылды. Қайрат Нұртастың концерті жайлы тиісті орындарға хабарладым деп орталық директоры ақталғанымен, оның айыбы дәлелденді. Енді Ақан Нұрпейісов мемлекетке 1 миллон 852 мың теңге төлейді. Бұған дейін де осы келеңсіздікке қатысы бар 16 адамға үкім кесілген. Былтыр тамызда «Прайм Плазада» жастар сүйікті әншілері Қайрат Нұртастың концертінен кейін жаппай жаға жыртысып, 90 адам жараланған болатын.