«Қайрат» жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» жеңіске жетті

«Қайрат» жеңіске жетті

Футболдан ел біріншілігінің кезекті турының нәтижелері белгілі. Чемпионатты сылбыр бастаған алматының “Қайраты” күшіне мінген сыңайлы. Орталық Стадионда қарағандының “Шахтерын” қабылдаған Владимир Вайсс шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

  • 8 Мамыр 2014
  • 196
Фото - Caravan.kz

Төреші ысқырығы естілісімен үлкен күшпен шабуылдаған алматылықтар не бары 9-шы минутта алға шықты. Мергендік танытқан  Йосип Кнежевич. Таблодағы есеп көпке дейін өзгере қойған жоқ. Бірақ үзілістен кейін өз сәтін ұтымды пайдаланған Момоду Сисей қортынды есепті орнатты. Бұл табыстан кейін “Қайрат” 9-шы орыннан бірден бесінші сатыға көтерілді. Ал көш басында- “Ақтөбе”.     

  

“Манчестер Юнайтед” Ағылшын примьер лигасының кейінге шегерілген 34-ші турында 3:1 “Халл Ситиді” ұтты.

Матчтың 31-ші минутында шабуылшы Джеймс Уилсон манчестірліктерді алға шығарды. “Қызыл сойқандар” сапында алғашқы матчын өткізген жас талант екінші таймда дубль авторы атанды. Дегенмен қонақтар да Мэтт Фряттың көмегімен есеп айырмасын қысқартқан. Алайда шабуылда ширақ ойнаған алаң қожайындары тағы бір доп тоғытты. Гол авторы Робин Ван Перси. Осы жеңістен кейін 63 ұпай еншілеген “Манчестер Юнайтед” жетінші орынға жайғасты.   

 


Кевин Дюрэнт Ұлттық Баскетбол Қауымдастығының ең құнды ойыншысы болып танылды. “Оклохома” форварды дауыс беру нәтижесінде Леброн Джеймс пен Блэйк Гриффин сынды шеберлерді басып озды.

Дюрэнт тұрақты чемпионатта төрт мәрте ең нәтижелі ойыншы атанған болатын. Осы маусымда ол орта есеппен әр кездесуде 32 ұпай алып отырған. Қазірде мұхиттың арғы жағында плей-офф бәсекесі жалғасуда. Ширек финалға сүрінбей жеткен “Майами” мен “Сан-Антонио алғашқы бәсекелерін сәтті бастады. “Портлендті” қабылдаған “Сан-Антонио” әр кезеңде басым түсіп 116:92 есебімен лайықты жеңіске жетті. Ал Майамиде өткен өзге бәсекеде жергілікті баскетболшылар “Бруклинды” 107:86 есебімен ұтып плей-офф сериясында алға шықты. “Майами” лидері Леброн Джеймс бұл кездесуде 22 ұпай жинап өз командасының жеңісіне елеулі үлес қосты.