Қайтыс болған қатардағы жауынгер Башаровтың мәйіті Жамбыл облысына жөнелтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайтыс болған қатардағы жауынгер  Башаровтың  мәйіті Жамбыл облысына жөнелтілді

Қайтыс болған қатардағы жауынгер Башаровтың мәйіті Жамбыл облысына жөнелтілді

Павлодар. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін"- Қайтыс болған қатардағы әскер Бек Барашовтың мәйіті Жамбыл облысының Жуалы ауданының Көшбөлтек аулына жеткізіледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне оның жедел қызмет атқарған 5512 ішкі әскердің әскери бөлімшесінен хабарлады.

  • 21 Қыркүйек 2007
  • 503
Фото - Caravan.kz

Табытты Павлодардан алып аттанып кетті», — деп түсіндірді бөлімше командирі Марат Аринов. Оның айтуынша, қайтыс болған жігіттің отбасында төрт ұл болған, ол үшіншісі. М. Аринов сондай-ақ, бөлімшенің әскери қызметкерлері қатардағы Башаровтың отбасына көңіл айтып, болған оқиғаға өкініш білдіргендігін хабарлады.

«Біз оның ата-аналарының алдында осы қайғылы оқиғаға жол бергеніміз үшін кешірім сұрадық»,- деді бөлімше командирі. Әскери бөлімше ұжымы жерлеу шығындарының жартысын өз мойындарына алған. Атап айтқанда, әскери қызметкерлер Қарабалық аулына азық-түлік пен отбасына көмек ретінде 100 мың теңге беріп жіберген.

Бөлімшеден хабарлағандай, 19 жасар Башаров әскерге осы жылдың маусымында шақырылған. Бұрын хабарлағанымыздай, шұғыл қызметтің 19 жасар әскері Бек Башаров 30-тамызда ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Екі апта өткеннен кейін ішкі әскердің қатардағы жауынгері Павлодардың №1 ауруханасының жансақтау бөлімшесінде көз жұмған болатын.

Әскери-тергеу бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Ефрейтор Павлодардың уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 370-бабы бойынша қылмыс жасады деген айып тағылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті