Қайырымдылыққа 1 млн. еуро жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайырымдылыққа 1 млн. еуро жұмсады

Қайырымдылыққа 1 млн. еуро жұмсады

Ыстамбұлдық «Галатасарай» сапында ойын көрсетіп жүрген Дидье Дрогба Сома қаласындағы шахта апатынан қаза тапқандардың отбасыларына арнап қаржылай көмек көрсетті. Аяқдоп шебері қайғы жұтып қалғандар үшін жеке есепшотынан 1 млн. еуро аударған, деп жазады muslim.kz.

  • 20 Мамыр 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz

36 жасар ойыншы «Галатасарай» клубымен жасасқан келісімшарты негізінде жылына 7 млн. евро алатын көрінеді. Түрік елінің әлеуметтік желі қолданушылар айтқандай, «Дидье Дрогбаның бұл ісі — қайырымдылықтың нағыз үлгісі».

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Ыстамбұлдан 200 шақырым қашықтағы Сома елді мекеніндегі көмір шахтасында газ қоспасы жарылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен 2 шақырымдық тереңдікте электр сымының қысқа тұйықталуы салдарынан дұрыс жұмыс істемей тұрған трансформатор жарылған. Дәл осы кезде жер астында 787 адам болған. Соңғы деректерге сәйкес апат салдарынан 301 шахтер қаза тапқан.