Қалачи ауылында жұмбақ «ұйқы ауруы» қайта өршіді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалачи ауылында  жұмбақ «ұйқы ауруы» қайта өршіді

Қалачи ауылында жұмбақ «ұйқы ауруы» қайта өршіді

Ақмола облысы Есіл ауданының Қалашы ауылында «ұйқы ауруы» қайта өршіді.

  • 2 Наурыз 2015
  • 643
Фото - Caravan.kz


«Ауру осымен тоғызыншы рет бой көтеріп отыр. Кеше ер адам мен әйел жеңіл түрде науқастанған. Оларға Красногор амбулаториясында көмек көрсетілген. Ауру басталғалы бері 152 рет қайталап ауырғанды есептегенде, барлығы 120 адам ауырған», — деп бүгін Есіл ауданының әкімі Аманбек Қалжанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қалашыда жалпы алғанда жағдай бақылауда, ауылдық амбулатория, әкімдік, мектеп жұмыс істеуде.
Ауылға өзге аудандардың, тіпті көрші облыстардың әкімдері келіп, жергілікті тұрғындарға өз аудандарынан жұмыс пен үй ұсынуда.
Қазіргі кезде Қалашының 500-ден тұрғынының жүзден астамы Ақмола облысының өзге аудандарына, көрші Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшкен.
Басқа жаққа көшіру жұмыстары жалғасуда.
2013 жылдың наурызынан бастап Қалашы ауылының тұрғындары ұйқы басу, естерін жоғалту, галлюцинацияға шағымданып, дәрігерлерге жүгіне бастаған. Оларға «беймәлім түрдегі энцефалопатия» деген диагноз қойылды. Оны халық арасында «ұйқы басу» деп атап кетті.
Көптеген зерттеулер жүргізілуіне қарамастан, аурудың негізгі себебі әлі белгісіз. Жергілікті билік тұрғындарды басқа жаққа қоныс аудару туралы шешім қабылдады.