«Кеше кешкісін тағы екі адам дәрігерлік көмекке жүгінді. Жексенбіден бері індет қайта өршігеннен бастап жалпы тоғыз адам сырқаттанды», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін Есіл аудандық ауруханасының бас дәрігері Қабдірашит Әлмағамбетов мәлімдеді.
Қалашы ауылы мен көрші Красногорск ауылының тұрғындары 3013 жылдың наурызынан бастап ұйқы басып, естерін жоғалтып, галлюцинация белгілерімен дәрігерлерге жүгіне бастады. Олардың барлығына «беймілім түрдегі энцефалопатия» деген диагноз қойылды. Оны халық арасында «ұйқы ауру» деп атап кетті.
Көптеген зерттеулерге қарамастан осы уақытқа дейін аурудың нақты себебі белгісіз. Жергілікті билік ауыл тұрғындарын басқа жаққа көшіру туралы шешім қабылдады. Осы уақытқа дейін жүзден астам тұрғын басқа жерлерге көшіп кетті.