Қалмұханбет Қасымов ЭКСПО нысанының құлауына кінәлілерді айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалмұханбет Қасымов ЭКСПО нысанының құлауына кінәлілерді айтты

Қалмұханбет Қасымов ЭКСПО нысанының құлауына кінәлілерді айтты

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы EXPO-2017 кешеніндегі декоративті көпірдің құлауына не себеп болғанын айтып берді деп жазады Tengrinews.kz.

  • 2 Наурыз 2017
  • 560
Фото - Caravan.kz

"Бұған дейін металдың сапасыз болғаны айтылған еді. Алайда, олай емес, металл сапалы. Дәнекерлеушілер өз жұмыстарын дұрыс жүргізбеген", — деп атап өтті Қ.Қасымов журналистерге берген жауабында.

Естеріңізге салайық, ЭКСПО кешенінің аумағындағы көпір былтыр 16 қараша күні қирап қалған болатын. Оның ұзындығы 96 метрді құраса, салмағы — 240 тонна. Абырой болғанда, адамдар шығыны болған жоқ.

Аталған нысанның құрылысын BI Group компаниясы жүргізген. Компания өкілдері қирандыны қалпына келтіру жұмыстарын өз қаражатына және 1 ай көлемінде жүргізетінін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар