Жарияланды: 340

Қаңтар-мамырда бөлшек сауданың көлемі 11,7%-ға артты

Қаңтар-мамырда бөлшек сауданың көлемі Т1333,9 млрд (қоғамдық тамақтану айналымынсыз) құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 11,7%-ға көп, делінген ҚР статистика жөніндегі агенттігінің ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, есептік кезеңде көтерме сауданың көлемі Т3312,1 млрд құрап, 2010 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 15,3%-ға артты. Азық-түлік өнімдері мен сусындарын беру бойынша қызметтердің көлемі есептік кезеңде Т63,5 млрд құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12,7%-ға артық болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін