Қаңтар-қараша айы ішінде теңге 2%-ға төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаңтар-қараша айы ішінде теңге 2%-ға төмендеді

Қаңтар-қараша айы ішінде теңге 2%-ға төмендеді

2013 жылдың қараша айында ұлттық валюта бағамы 1$ үшін 152,72-154,34 теңге көлемінде өзгерді. Қарашаның соңына қарай теңгенің биржалық бағамы 1$ үшін 153,68 теңгені құрап, бір ай ішінде 0,4%-ға артты жіне жыл басынан бері 2%-ға төмендеді, деп Ұлттық банк мәлімдеді.

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 323
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банк мәліметі бойынша, өткен айда Қазақстан қор биржасында биржалық операциялар көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алса қазан айымен салыстырғанда 12,3%-ға артып, 5,4 млрд $-ды құрады. Биржадан тыс валюта нарығында операциялар көлемі 0,5%-ға, 2,1 млрд $-ға төмендеді.

Жалпы алғанда ішкі валюта нарығындағы операция көлемі 2013 жылы қараша айында қазан айымен салыстырғанда 8,5%-ға артып, 7,5 млрд $-ды құрады.