Жарияланды: 20

«Қанша балгер бар?» Депутат дәстүрлі емес медицинаны бақылауға алуға шақырды

«Қанша балгер бар?» Депутат дәстүрлі емес медицинаны бақылауға алуға шақырды

Мәжіліс депутаты Ахмед Мурадов дәстүрлі емес медицина қызметін бақылауға алуға шақырды.

«Дәстүрлі емес медицина мәселесін көтергім келеді. Ол – қытай, ислам, қасиетті су, шипалы балшық. Мен аталған әдіспен «емделген» адамдармен кездестім. Бұл салада ешқандай бақылау жоқ. Мұнда ақша айналымы қандай деңгейде екенін білесіздер ме? Бірақ (азаматтар – автор) қомақты ақша төлеп отыр. Нәтижесі де көңілден шықпайды. Ешнәрсе нәтижесін бермеген соң, азаматтар кепілдендірілген медициналық қызметтің көмегіне жүгінеді. Мүмкін, бізге жағдайды өзгерту керек шығар?», - деді депутат Мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар Ахмед Мурадов елімізде қанша балгер бар екенін, олардың қанша адамды емдеп жазғанын ешкім білмейтінін ашық айтты.

«Мүмкін бұл коммерциялық ұйымдарды бақылап отырған органдарға берілген ерекше құзырет пе? Бізде қанша балгер бар? Олардың көрсеткіштері қандай? Олар туралы статистика қайда келіп жатыр? Сайттарда олар барлық ауруды емдей алады деп көрсетілген және қызмет көрсету бағасы да өте қымбат. Алайда ( балгер – автор) Қазақстан да ғана емес, әлемде бар», - деді ол.

Осы орайда Ахмед Мурадов Денсаулық сақтау министрлігі және аталған салаға жауапты органдарға бұл мәселеге назар аударуға шақырды.

«Мұнда азаматтардан «барлығы жақсы болады» деп дуа оқу арқылы ақша алып отыр. Өкінішке қарай, нәтиже жоқ. Ресми медицинамен соттасуға болады, бірақ бұлармен ( дәстүрлі емес медицина өкілдерімен – автор) олай істей алмайсың. Мұны зерттеу керек», - деді депутат.

Сонымен қатар аталған мәселеге қатысты Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де өз пікірін білдірді.

«Менің ойымша, мұнда адамның ішкі мәдениетін де есепке алу керек. Азамат XXI ғасырда аталған жарнамадағы айла-амалдардың дәурені өткенін түсінуі қажет. Кезінде олар (балгерлер – автор) бүтін бір стадионды жинады. Телевизор алдында халықтың жарты бөлігі банкіні зарядтады ғой. Мұның барлығы өтті. Азамат барлығы тұрмыс дәстүріне байланысты екенін түсуіну шарт», - деді төраға.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть