Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Төлемдердің негізгі бөлігі — тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін алынған. Соңғы екі жылда осы бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері осы мақсаттарға 3,5 триллион теңгеден аса қаражат төленді. Қазіргі ең төменгі жеткілікті шекті ескере отырып, адамдарда тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емдеу үшін тағы 600 миллиард теңге алуға мүмкіндік бар. Бірақ әркім өзі таңдау жасайды", — деді БЖЗҚ басқарма төрағасы.
Оның айтуынша, салымшылардың көпшілігі бұл опцияны бұрынғы жеткілікті шек болған кезде қолдануға тырысқан.
"Жирнақтау белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен, процесс тұрақталды. Қазір адамдар тұрмыс жағдайын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге айына шамамен 8-15 миллиард теңге жұмсайды", — деп қосты Құрманов.