Қаныш Сәтбаев атындағы алғашқы сыйлық Павлодар ғалымдарына берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаныш Сәтбаев атындағы алғашқы сыйлық Павлодар ғалымдарына берілді

Қаныш Сәтбаев атындағы алғашқы сыйлық Павлодар ғалымдарына берілді

Павлодар. 28-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар ғалымдарына Қаныш Сәтбаев атындағы алғашқы сыйлық берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. "Қазақстан шикізатына пайдаланатын металлургиялық және цемент өндірісінің қажетіне импортты алмастыратын тиімділігі жоғары отқа төзімді материалдарды жасап шығару, өндірістік-тәжірибелік сынақтан өткізу және оны енгізу" деп аталатын ғылыми жұмыс жаратылыстану ғылымдары бойынша үздік деп танылды.

  • 28 Желтоқсан 2007
  • 943
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сыйлықтың білікті қазылар алқасы ғалымдар жасаған және бүгінгі күнге дейін республиканың 70 авторлық куәліктері мен патенттерін алып үлгерген технологияны жоғары бағалаған. Ғалымдар тобының идеясы бойынша жасалған жаңа отқа төзімді материал өндірістік сынақтардан өтіп, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Куба елдерінің кәсіпорындарында жақсы қырынан танылған.

Жоғары оқу орнының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ғалымдар бұдан кейін де республика кәсіпорындарында аталмыш технологияның енуіне қызмет ететін болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, өндіріске қазақстандық отқа төзімді материалдарды енгізудегі экономикалық тиімділік 400 млн теңгеден асып жығылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті