«Бұл еліміздің «жасыл» экономикаға көшуінің алғашқы қарлығашы. Мұны EXPO-2017 көрмесінде көрсетеміз деп ойлаймын. Қапшағай жобасы күн энергиясын алуда еліміздің басқа өңірлеріне үлгі болсын», — деп Елбасы бүгін Астанада Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір барысында атап көрсетті.
Қапшағай күн электр станциясы Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіне қосылған.
Қазан айында «Самұрық-Энерго» АҚ Қапшағай қаласында қуаттылығы 2 МВт құрайтын «Күн электр станциясының құрылысы» жобасын жүзеге асыруға кірісті.
Астанада 1 қазан күні BISOL Central Asia Ltd (Ұлыбитания) компаниясының жобалау, жеткізу, құрылысын толық аяқтау жөніндегі кешенді жұмыстарды сатып алу жөніндегі келісімшартына қол қойылды.
— «Самұрық-Энерго» компаниясының 100% еншілесі болып табылатын. "Samruk-GreenEnergy" ЖШС құрылысы аяқталғаннан кейін күн электр станциясының операторы және иесі болды.
Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, бұл жобаның құны 1 млрд 700 млн теңгені құрайды.