Қапшағай қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Алматы. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысы Қапшағай қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қала әкімі болып Наурызбай Таубаев тағайындалды. 56 жастағы Н. Таубаев бұған дейін облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Қапшағай қаласының әкімі болған Сергей Зеленский өз еркімен отставкаға кетуге өтініш бері, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін