Жарияланды: 410

Қапшағайда адам өлтірген қырғыз азаматы тапсырыспен екі кісі өлтіргені үшін іздеуде болған - ҚР ІІМ

Алматы. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қапшағайда адам өлтірген қырғыз азаматы тапсырыспен екі кісі өлтіргені үшін іздеуде болған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасай отырып.

"19 шілдеде Алматы облыстық ІІД қызметкерлері Қапшағай қаласында Қырғызстан Республикасының 23 жастағы азаматын қамауға алған. Ол "Старая крепость" қонақ үй-клубының аумағында әдепсіз мінез-құлығы үшін және бір бойжеткенге тиісе бергені үшін жасалған ескертуге байланысты демалушыларға тапаншадан оқ жаудырған", - деп хабарлады баспасөз орталығы. "Оның заңға қайшы іс-әрекеттерін тоқтатпақ болған ішкі істер органының қызметкерлеріне қарсы оқ жаудырып, соның салдарынан Алматы қаласының бір тұрғыны мен Қапшағай қалалық ішкі істер органының бір қызметкері көз жұмған болатын. Полицияның 4 бірдей қызметкері жараланды. Полиция қызметкерлеріне көрсеткен қарсылығына қарамастан қылмыскер оқиға орнында қамауға алынды", - деп хабарлады полиция қызметкерлері. Күдікті барлық қылмыстық тіркеулер бойынша тексерілді. Оның ішінде ТМД елдерінің ІІМ бойынша да тексеруден өтті. "Қылмыскер жасырмақшы болған аты-жөнін анықтағаннан кейін оған Қырғызстанның ІІМ тапсырыспен екі рет кісі өлтіргені үшін іздеу жариялағаны белгілі болды", - деп атап көрсетті полиция. "Тұтқынның басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында ату қаруы арқылы жасалған барлық қылмыстар сараптамадан өткізілді. Алматы қаласының ІІД Оңтүстік аудандық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының пәндік жұмыстарының нәтижесінде күдікті 19 мамырда Алматы қаласында М. Шатаевты да өлтіргенін мойындады. Ол қылмыстың жағдайы мен себептерін хабарлады", - деп ақпарат берді ҚР ІІМ баспасөз орталығы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть