Қапшағайда демалыс аймақтарының біріндегі келуші бір адамды атып өлтіріп, бес полиция қызметкерін жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайда демалыс аймақтарының біріндегі келуші бір адамды атып өлтіріп, бес полиция қызметкерін жарақаттады

Қапшағайда демалыс аймақтарының біріндегі келуші бір адамды атып өлтіріп, бес полиция қызметкерін жарақаттады

Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қапшағайда демалыс аймақтарының біріндегі келуші бір адамды атып өлтіріп, бес полиция қызметкерін жарақаттады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Шiлде 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша, жастар фестивалін тойлау кезінде мас күйіндегі екі адам өзара төбелес бастаған. Оның барысында олардың бірі тапаншамен атыс бастаған.

«Атыс дыбысына Қапшағай қаласының аудандық ІІО қызметкерлері келген. Күдіктіні тұтқындау барысында полицияның бес бірдей қызметкері тапанша оқтарынан жарақаттанды», — деп көрсетілген ІІД хабарламасында.

Полицияның бес қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Олардың үшеуінің жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап отыр. Ал сол уақытта төбелестің тағы бір қатысушысы қайтыс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті