Қапшағайда жол апатының салдарынан 10 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайда жол апатының салдарынан 10 адам қаза тапты

Қапшағайда жол апатының салдарынан 10 адам қаза тапты

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қапшағайда жол апатының салдарынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2007
  • 387
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 қарашада 14 сағат 05 минутта Алматы-Өскемен тас жолының 88 шақырымында «БМВ» көлігінің жүргізушісі «Тойота» көлігімен соқтығысты.

«Апат салдарынан 10 адам оқиға орнында қаза тапты: екі жүргізуші мен «БМВ» көлігінің екі жолаушысы, ал қалған алты жолаушының аты-жөндері анықталу үстінде», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Оқиғаның зардаптарын жоюға ҚР ТЖМ-нің «Республикалық АҚО» МБ-ның 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті