Қапшағайдағы демалыс аймағына қарумен келген адамды ұстау кезінде жарақаттанған тәртіп сақшысы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайдағы демалыс аймағына қарумен келген адамды ұстау кезінде жарақаттанған тәртіп сақшысы қайтыс болды

Қапшағайдағы демалыс аймағына қарумен келген адамды ұстау кезінде жарақаттанған тәртіп сақшысы қайтыс болды

Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қапшағайдағы демалыс аймағына қарумен келген адамды ұстау кезінде жарақаттанған бес тәртіп сақшысының біреуі қайтыс болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет хабарлады.

  • 21 Шiлде 2008
  • 642
Фото - Caravan.kz

«Ол бүгін таңертең ауруханада көз жұмды», -деді К. Нұрахмет.

Оның айтуынша, жараланған басқа тәртіп сақшыларының жағдайы тұрақтанып, олардың бірі ауруханадан шықты. Бірнешеуіне операция жасау қажет болған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қапшағадайдағы демалыс аймағында бір демалушы мен тәртіп сақшыларына қаратып оқ атқан күдіктінің аты-жөні әлі де анықталған жоқ. Ұсталған өзінің атын айтпай, жауап алу кезінде түрлі аты-жөн айтуда. Одан ешбір құжат табылмаған.

«Сұрақтарға ұсталған өте сенімді әрі салқынқандылықпен, сауатты жауап беруде, оның Қылмыстық кодекспен таныс екендігі байқалады», — деді баспасөз қызметінің жетекшісі. «Ол кісі өлтіруге кикілжіңнің себеп болғанын, төбелес кезінде демалушыға қаратап оқ атқанын айтуда», — деді К. Нұрахмет.

Ұсталғанның үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: 24 баптың 3-тармағы (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекеттену), 96 баптың 2-тармағы (кісі өлтіру), 251 -баптың 1-тармағы (қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғаш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сақтау, сату, тасымалдау немесе өзімен алып жүру ), 321-баптың 2-тармағы (билік өкіліне қарсы күш қолдану).

Қаза тапқан жігіттің аты-жөні анықталды. Ол 23 жастағы Алматы тұрғыны.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қапшағайдағы бір демалыс орнында мас келуші тағы бір демалушыны атып, бес тәртіп сақшысын жарақаттады.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, жастар фестивалін өткізу кезінде мас күйіндегі екі жігіт төбелес шығарған. Төбелес барысында әлгілердің біреуі тапанша алып шығып, ата бастаған.

«Атыс дауысын естіп, сол маңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысып жүрген Қапшағай АІІБ-ның қызметкерлері оқиға орнына келген. Күдіктіні ұстау барысында бес полиция қызметкері жарақаттанды», — делінген ІІД ақпаратында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жарақат алуға қарамастан, тәртіп сақшылары оқ атқан күдіктіні ұстап алған. Тәртіп сақшыларының сауатты іс-әрекеттерінің арқасында төбелеске қатысқандардан өзге бір де демалушы зардап шекпеген.

Полиция қызметкерлеріне дәрігерлік көмек көрсетілді. Олардың үшеуінің жағдайын медиктер ауыр деп бағалауда. Ал төбелес кезінде оқ тиген бір адам қайтыс болды.

Қазір күдікті жауап беруде. «Тәртіп сақшылары айғақзат ретінде нөмірі өшірілген Макаров тапаншасын, бірнеше оғы бар оқшантайын тауып, тәркіледі. Оқиға орнында Алматы облыстық ІІд-нің шұғыл тергеу тобы жұмыс істеуде», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күдіктінің аты-жөні анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті