"Қақалып қала жаздадым": Белгілі журналист "Меломен" тобын сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қақалып қала жаздадым": Белгілі журналист "Меломен" тобын сынап тастады

"Қақалып қала жаздадым": Белгілі журналист "Меломен" тобын сынап тастады

Белгілі журналист әрі ақын Есей Жеңісұлы "Туған жерім тамаша" әнінің мәтінін өзгертіп айтқан "Меломен" тобына шүйлікті.

  • 17 Қазан 2018
  • 42
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы журналист Facebook парақшасында жазды.

"Күнде ертемен "Қазақ радиосындағы" "Көңілді нота" хабарын тыңдап жұмысымызға/сабағымызға барамыз. Екі балам және мен. Күнде әр өңірден адамдар хабарласып, Алтынбек Қоразбаевтың "Туған жерім тамаша" әніне тапсырыс береді. Күнде.
Осы біздің қазақ жазира жерімен қазақ қой, иә, шынында да!
Күнде осы әнді Алма Аманжолованың орындауында тыңдайды дүйім жұрт. Құдайдың құтты күні.
Бүгін де тыңдадық.
"Меломен" тобының орындауында.
Соңғы шумағына келгенде… қақалып қала жаздадым. Абырой болғанда, көше қиылысында бұрылмақ болып, онсыз да аяғым тежеуіште тұр еді, одан әрі шиқылдата басыппын.
Алма әпке айтады: "Абай, Жамбыл, Махамбет, Құрманғазы, Аруағы қолдасын бәрімізді", — дейді.
"Меломен" бүгін: "Абай, Жамбыл, Махамбет, Құрманғазы, Өнерімен баураған бәрімізді", — деді.
Пәлі!..
Біздің Қазақстанда екі тілділер ғана екі әлемде өмір сүріп жатқан жоқ, аз қазақтың өзі бірнеше әлемде өмір сүріп жатыр. 
Аман болыңдаршы!..
Қатты түзеткісі келіп бара жатса, сол өлеңдегі "Асыл текті Алатау" деген тіркесті өзгерте салмай ма? Тау қашан асыл текті болып еді?
"Арқасында" деген сөздің қазір жаны барға да, жоққа да қолданыла беретіні сияқты бірдеңе. "Ағамның арқасында", "осы формуланың арқасында"…" — деп жазады журналист.

Соңғы жаңалықтар