Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан әскерилердің басшылары жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан әскерилердің басшылары жұмыстан қуылды

Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан әскерилердің басшылары жұмыстан қуылды

Бөлімше командирі мен штаб басшысының жұмыстан шығарылуы тәртіптік шешім, қылмыстық іске еш қатысы жоқ
 

  • 22 Ақпан 2017
  • 503
Фото - Caravan.kz


Жамбыл облысында жеті әскери қызметкердің қазасынан соң екі әскери басшы қызметтерінен босатылды деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров. Бұл туралы Sputnik-Қазақстан хабарлады.. 

 "Қорғаныс министрі бөлімше командирі мен штаб бастығын қызметтен босатты. Бұл тәртіптік шешім және қылмыстық іске еш қатысы жоқ. Бұл оқиғаға байланысты үкімет комиссиясы тарапынан оқу-жаттығу шараларының ұйымдастырылуы туралы сұрақтар туындағандықтан, қорғаныс министрі осы лауазымды тұлғаларды жұмыстан шығаруға шешім қабылдады", — деді Талғат Мұхтаров сейсенбі күні үкімет отырысынан соң тілшілерге. Айта кетейік, 17 ақпанда Көксай шатқалындағы әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапты. 16 адам қар құрсауынан құтқарылды

 

Соңғы жаңалықтар