Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы күре жолда боранда қалған 200-ге жуық адам құтқарылған. Төтенше жағдай қызметінің ескерту жасағанын елемей, көлікке отырғандардың арасында зардап шеккендер жоқ екен. Көліктері қардан аршылғанымен, омбылап қалғандарын тартып алып шығуға тура келіпті. Семейдің өзінде қазір бірнеше күннен бері қар толастар емес. Желдің де екпіні күн санап күшейіп барады.