Қар жауып, үсік жүреді: бүгін ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қар жауып, үсік жүреді: бүгін ауа райы қандай болады?

Қар жауып, үсік жүреді: бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың бірнеше өңірінде және елордада дабылды ескерту жарияланды

  • 18 Қазан 2020
  • 35
Фото - Caravan.kz

 "Қазгидромет" мамандары жексенбі ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазды sputnik.kz

Синоптиктердің болжауы бойынша Қазақстанның солтүстігінде циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді.

Ал республиканың қалған аймақтарында орталығы Қарағанды облысында орналасқан антициклонның ықпалынан ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Республиканың кей жерінде тұман түседі.

Дабылды ескерту


Солтүстік Қазақстан облысында қатты жел соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-23 м/с болады.

Ақмола, Павлодар, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерде 1 градус үсік сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында да дабылды ескерту жарияланды. Жексенбі күні елордада қатты жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

 

Соңғы жаңалықтар