Қарағанды: Екі бала дәрігердің қателігінен ауыр халде жансақтау бөліміне түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды: Екі бала дәрігердің қателігінен ауыр халде жансақтау бөліміне түсті

Қарағанды: Екі бала дәрігердің қателігінен ауыр халде жансақтау бөліміне түсті

Қарағандыда балалар ауруханасында 2 және 5 жасар сәбилер, клизма жасалғаннан кейін, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Сөйтсе, мейірбике тік ішекке арнайы сұйықтықтың орнына сутегі тотығын құйып жіберген. Салдарынан қос бүлдіршіннің ішкі құрылыстары күйіп, сол жерден қан кетіп жатыр. Осындай өрескел қателікке жол берген бірнеше қызметкер бүгін жұмыстан қуылды. Ал ұжым болса, консилиум құрып, бұрын кездеспеген кеселге қандай ем жасайтындарын білмей отыр.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 534
Фото - Caravan.kz

Дәрігерге қаралуға анасымен келген 2 жасар Османның бүгінгі жайы мынау. Үш күннен бері есі кіресілі- шығасылы. Жөтелсе де, ышқынса да, алды-артынан қан аралас сұйықтық тоқтар емес. Ал клизма жасау кезінде баланың шыңғырғанына, анасының жанұшыра айғайлағанынан қарамастан дәрігер улы қышқылды құя салған.

Гүлнар Рақымжанова, Осман Рақымжановтың анасы:

Балам көгеріп, дем алмай қалды. Өлді деп ойладым. Өйткені алғашқы 50 грамы құйылғанда бала шырқыраған. Тоқтатыңдар дегеніме құлақ асқан пенде болмады. Ақыры талып, жансақтау бөлімінде ғана есін жиды. Бірақ қан әлі тоқтаған жоқ. Дәрігерлер не істерін білмейді.

Қазір дәрігерлер екі баланың іш құрлысына клизма арқылы май құйып, ауруды жеңілдететін дәрілерді беріп жатыр екен. Бірақ алғашқы жағдай болғасын қандай емнің қонатынын білмей дал. Препараттың ауысуынан екі бүлдіршіннің денсаулығына зиян келгенін мойындап та отыр.

Арғын Бидайбаев, Қарағанды облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

Менің бұйрығыммен жаңа ғана сол күні кезекшілік жасаған екі мейірбике мен бір дәрігер жұмыстан шығарылды. Бөлім жетекшісі мен тағы бірнеше дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды. Су мен сутегі тотығын қалайша ауыстырып алды деген сұраққа ешкім жауап бере алмай отыр

Бүлдіршіндерге енгізілген 6 пайыздық сутегі тотығы олардың іш құрылыстарын ірітіп жіберген. Әзірге дәрігерлер олардың ішектерін арнайы препараттармен жуып тазалауға мәжбүрміз дейді. Ал мұндай жағдай Қарағанды облысында алғаш рет болып отыр екен. Сондықтан дәрігерлер өзіміздің шамамыз келмесе, оларға Астанадағы Ана мен Бала институтына жолдама беруге әзірміз дейді. 

Соңғы жаңалықтар