Қарағанды кеденшілері 25 млн астам теңгенің контрабандалық тауарын әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды кеденшілері 25 млн  астам теңгенің  контрабандалық тауарын  әкелуге жасалған әрекеттің  жолын кесті

Қарағанды кеденшілері 25 млн астам теңгенің контрабандалық тауарын әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Қарағанды. 20-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды кеденшілері 25 млн астам теңгенің контрабандалық тауарын әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы Қарағанды облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Ақпан 2008
  • 343
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жедел-іздестіру шаралары кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Қарағанды облыстық кедендік бақылау департаменті контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері жүкке толы «DAF» маркалы мемлекеттік нөмірі — F 894 USM көлік құралын, мемлекеттік нөмірі — 6531 FC жартылай тіркемені және «MAN» маркілі мемлекеттік нөмірі — F 417 TWM көлік құралы мен мемлекеттік нөмірі — 7155 FC жартылай тіркемені тәркілеген. Ол көліктерде Қарағанды облысында тұратын азамат Б. жалған құжаттарды пайдалану арқылы Қытайдан Бақты кеден бекеті арқылы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына енгізілген 2 094 208 теңге сомасындағы халықтық тұтыну тауарлары болған.

«Тексеру барысында декларациядан өткізілмеген тауар сомасы жоғарыда, сондай-ақ, құжатта көрсетілгендей емес 25 662 808 теңгені құрайтыны анықталды. Ал кедендік төлемдер мен салық сомасы 11 033 000 теңгені құрады», — деп атап көрсетті Қарағанды облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент өкілдері аталмыш дерек бойынша азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209 бабы 1 тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті