Жарияланды: 340

Қарағанды облыстық қаржы полициясының қызметкерлері ірі көлемдегі контрабандалық спирт тәркіледі

Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында қаржы полициясының қызметкерлері Балхашта ірі көлемдегі контрабандалық спирт тәркіледі. Оны Балхаштық екі тұрғын Қарағанды облысының аумағына Жамбылдан әкелген көрінеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Барлық тауар партиясы мен оның қожайындары спиртті бір Балхаштық кәсіпкерге сатқалы жатқан жерінен қолға түсті. Олардан барлығы 550 мың теңгеге бағаланған 1000 литр спирт тәркіленді. Ұсталғандар спиртке ілеспе құжаттар мен лицензия көрсете адмады. Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, спиртті әлгілер жасырын арақ өндіретін цехтарға сатуды жоспарлаған екен. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін