Қарағанды облысы Балқаш колониясында тігін цехы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысы Балқаш колониясында тігін цехы ашылды

Қарағанды облысы Балқаш колониясында тігін цехы ашылды

Жалпы режімдегі АК-159/21 колониясында (Қарағанды облысы Балқаш қ.) тігін цехы ашылды, деп хабарлады  қылмыстық-атқару жүйесінің  (ҚАЖ) облыстық департаментінде.

  • 9 Шiлде 2015
  • 880
Фото - Caravan.kz

 «Бас бостандығынан айыру орындарында өндірісті кеңейту мақсатында бүгінде шағын және орта бизнес белсенді түрде тартылуда. Бұған тігін цехын пайдалануға беру айқын мысал бола алады. Салтанатты ашылу рәсімінде Балқаш қ. әкімінің орынбасары Айдын Қопашев, Балқаш қ. прокуроры Қанат Сәлімбаев, АК-159/21 мекемесінің бастығы Жанат Көпеев дәстүрлі қызыл лентаны кесті», — деп атап өтті ҚАЖ Қарағанды облысы бойынша департаментінің жазаға тартылғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы  Зәуре Бекмұхамбетова.

«Ашылған қосымша жұмыс орнында жазасын өтеушілер алғашқы өнімді шығарып та үлгерді. Бұл көлік қабы мен жиһаз қаптауышы», — деп қосты З. Бекмұхамбетова.


2 3