Қарағанды облысы басшылары Талды ауылында карантин жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысы басшылары Талды ауылында карантин жариялады

Қарағанды облысы басшылары Талды ауылында карантин жариялады

 Қарағанды облысы басшылары өңірде тауықтардың жаппай қырылуына байланысты карантин шараларын қамтамасыз етті.

  • 21 Мамыр 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Шет ауданының ветеринарлық ұйымдары ауруға шалдықпаған тауықтарға екпе егіп, қажетті карантиндік шараларды қолға алды.

Қазіргі таңда жағдай бақылауға алынды, алаңдауға негіз жоқ», — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, Талды ауылында 196 тауық қырылған. «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа» жеткізілген биоматериалдарды тексеру нәтижесінде үй құсының «Ньюкасл ауруын» жұқтырғаны белгілі болды.

«Ньюкасл ауруы (Азия обасы) – үй немесе жабайы құстар (әдетте, көгершіндер мен торғайлар) арқылы таралатын жұқпалы індет.


Ауру аса қауіпті індет қатарына жатпайды және адамдар мен басқа жануарлардың өміріне қауіп төндірмейді, делінген хабарламада.